
Sham Studios алғаш рет өз шығармашылық әлемін көрерменге ашады.
Бұл — сахнадан экранға дейінгі үлкен жолды бірге талқылайтын, терең сұхбат пен өнер тоғысқан екі күндік мәдени кеш.
Бұл жолы біз фильмді ғана емес — «№37» жобасының толық тарихын ашамыз: спектакльден басталған оқиға, гастрольдер, түсірілім процесі, монтаж, актерлік дайындық, OST және команданың ішкі философиясы.
Бұл кеште сіз режиссер, продюсер және актерлермен тікелей кездесіп, фильмге қатысты сұрақтарыңызға нақты жауап ала аласыз.
Жиналу уақыты: 17:00
Режиссермен кездесу: 18:00
Актерлер және фильм авторларымен кездесу: 20:00
Жас шектеуі: 16+
Комментарии (0)