24 шілде күні Aspan Gallery алаңында қазақстандық суретші Гүлнұр Мұқажанованың екінші жеке көрмесі ашылады.
Гүлнур Мұқажанова – Берлинде тұратын Қазақстаннан келген жас суретші. Көптеген жылдар бойы ол қолдан жасалған киізбен жұмыс істеп келеді. Түрлі-түсті жүн мен жібектен жасалған киізді қолдана отырып, Мұқажанова бояулар, текстура және кеңістікті үйлестіретін күрделі композицияларды жасайды. Оның абстрактілі жұмыстарында жүн талшықтарының бағыты көркем бояу жағу іспетті көрініп, әрі техникаға анағұрлым көбірек экспрессияны береді.
Aspan Gallery алаңында өтетін «Үміт шуағы» атты көрмесінде Мұқажанованың 2023 жылы Гонконгтағы бұрынғы тоқыма фабрикасында, ал бүгінде Mill6CHAT арт-кеңістігінде өткізілген суретші көрмесіне арнайы әзірленген қол киізінен жасалған ең ірі туындысы ұсынылады. Ұзындығы 16 метрден асатын бұл монументті кенеп Қазақстанда алғаш рет көрсетіледі. Aspan Gallery алаңындағы көрме үшін Гүлнұр өзінің 16 метрлік киіз суретінің жалғасын жасап шығарды. Галереяның периметрі бойынша кеңістікті қамтитын жаңа инсталляцияның ұзындығы 41 метрден асады.
Мұқажанованың шығармашылығы бояулардың жарқындығы және түстен түске өтудің еліктіргендігімен ерекшеленеді, дегенмен оның жұмыстары наразылық танытудың элементтерін де көрсетіп отыр. Суретші қалыптасқан нормалар мен дәстүрлерге деген келіспеушілігін білдіреді. Киіз басу үдерісінің өзі өте көп әрі ауыр физикалық еңбекті талап етеді, алайда бұл суретші үшін нағыз азаттықты сезіну немесе тазару рәсіміне айналған, осы арқылы ол халқының тарихи жарақаттарын зерделеп келеді.
Суретші туралы
Гүлнұр Мұқажанова 1984 жылы Қазақстанның Семей қаласында дүниеге келген. Берлинде тұрады және жұмыс істейді. Суретшінің соңғы көрмелерінің ішінде Массачусетстегі Mass MOCA кеңістігіндегі Eluding Capture көрмесін (2024), Гонконгтағы CHAT алаңындағы Clouds, Power and Ornament – Roving Central Asia көрмесін (2023), Астанадағы Astana Art Show алаңындағы Racing the Galaxy (2019), Берлиндегі Momentum кеңістігіндегі Bread & Roses (2018), Лондондағы Wapping жобасында Post Nomadic Mind (2018), Мәскеудегі 4-ші Халықаралық жас өнер биенналесі (2014) және 52-ші Венеция биенналесіндегі Орталық Азия павильонындағы көрмелерін (2007) ерекше атап өтуге болады.
Көрменің өткізілетін күндері: 2024 ж. 24 шілде – 22 қыркүйек
Сәрсенбі, 24 шілде | 18:00 – вернисаж
Комментарии (0)