Көрермендерін әсем әндерімен таң қалдырып жүрген «Сағындырған әндер-ай» ретро фестиваліне 15 жыл!
2008 жылы Алматы қаласы Республика сарайында «Сағындырған әндер-ай» ретро фестивалі тұңғыш рет бастау алып, көрермендердің көзайымына айналды.
Әуезді әнді орындауы ерекше мәнерімен есте қалатын талантты әншілерін тыңдарман сағынып, іздеп тұратыны заңдылық! «Сағындырған әндер-ай» ән кешіне ағылып келетін көрермендердің алғысына бөленіп, 15 жыл көрермен көңілінен шығуының өзі «Сағындырған әндер-ай» кешінің жоғары профессионалдық дәрежеде сұраныста болуында. Саф өнердің шын жанашыры, «Сағындырған әндер-ай» кеш жобасының авторы және ұйымдастырушысы өнердегі өзіндік соқпағын қалыптастырған жезтаңдай әнші Майра Ильясова!
Сіздерді ән әлемінің ең таңдаулы жауһарлары Нұрғали Нүсіпжанов, «Дос-Мұқасан», Нұрлан Өнербаев, Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Майра Ильясова, Бағдат Самединова, Нұржамал Үсенбаева, Майра Мұхамедқызы, Қанат-Света Айтбаевтар, Қыдырәлі-Қарақат, Жанболат-Жазира, «Музарт» тобы, «Жігіттер» тобы, «Алатау Серілері» тобы, Тоқтар-Бейбіт, Жеңіс Искакова, Шахизада, Айгул Қосанова, Алтынай Жорабаева, Гүлнұр Оразымбетова, Тамара Асар, Маржан Арапбаева, Мадина Садуақасова, Мирас-Құралай, Ардақ Балажанова, Төреғали Төреәлі, Роза Әлқожа, Мөлдір Әуелбекова, Беркут-Аиша, Ақбота Керімбекова, Нұрлан Әлімжан, Айгерім Қалаубаева, Алишер Каримов, Зарина Омарова, Әмре, Рухия Байдукен, Айри, Мұхтар Ханзада, Қазбек Құрайыш, Садраддин, Еркебұлан Құмаров және т.б. әншілер осы кешке шақырады!
Комментарии (0)