Өмір – ревизия! Өмір – қу құлқын мен үй мүлкін ғана түгендейтін, өз қарабасын ғана ойлайтын дүниеқоңыздар үшін түрме! ...Һәм, кімнің кім екенін ашып, пәруәрдігер пенделердің бет-пердесін сыпырып беретін періштелер мен шайтандардың киян-кескі майдан алаңы. Сол – өмірдің бір сәтінің өзі неге Әзірейіл келгендей әлек салдырды?..Өйткені, «Ревизор келе жатыр!» Бұл - үрейлі сөз, біздің қоғамның да қолтығында жылынып,қоламса иісін қоңырсытып әлі жүр. Келе жатыр – деген сөз - біреу үшін сүйініш, біреу үшін күйініш. Бұл қойылымда күйініш басым ба, сүйініш басым ба? Оны театрға «Ревизордан» бұрын келіп отырсаңыз байқайсыз. Иә, театрға асығыңыздар, «Ревизор келе жатыр!..»
Комментарии (0)