Аталған қойылымда өткен ғасырдағы бай-манаптардың дүние, атақ, мәнсап үшін жер бетіндегі тіршілік иесіне жасаған қиянаттары, күнәлары – «тіршілік иесінің киесі атты» деген ұғымды білдірсе керек.
Бұл дүниеде жасаған жақсылықтың да, жамандықтың да алдыңнан шығатынын пенденің зердесіне салу.
Қос ғашықтың бұл жалғанда көре алмай кеткен қызықтарын, өмірде адал махаббаттың барын, бірақ соны тағдырдың тәлкегіне салмау, пендешілікке бармау керек екенін еске салатын, қазақ халқының әдеп-ғұрыптарын, тұрмыс-салт жырларымен байланыстыра отырып, сол кездегі қоғам тынысынан сыр шертіп, көрерменге өзгеше әсер беретін қойылымның айтар ойы бар.
Комментарии (0)