Өнердегі ұстаздары Әбдіхан Нұрмағанбетовтың жетекшілігімен республикалық Арай-2003 байқауына қатысып, бас жүлдеге ие болды. Ел жүрегінен кең орын алған «Ерке қыз» әніне бейнебаян түсіріліп, оңтүстіктің шымыр жігіттері өнер ордасы - Алматы қаласына келді. Продюсері - Ерғали Әбдірайымовтың көмегімен үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, өз өнерлерін Алматы қаласында әлі күнге дейін жалғастырып келуде.
Топ құрамы: Айдар Байжанов, Бағлан Әбдірайымов, Ердос Қанаев және Мырзахан Маханов. Бүгінде топ қоржынында бес үнтаспа, 30-ға жуық бейнебаян, 120-ға жуық әндер бар. Дәл қазіргі таңда жаңа екі бірдей әнжинақ пен бір бейнебаянның тұсауы кесілгелі тұр.
«ЖІГІТТЕР» квартеті өздерінің бір сұхбатында: Біз, негізі, балалықпен қосылған топпыз, бізді есейткен – сахна деді.
Қазіргі уақытта Жігіттер тобы өнерде жүргеніне 20-жыл толуына орай үлкен концертке қызу дайындық үстінде. Концертте ескі хит әндермен бірге тұсауы жаңадан кесілетін әндердің куәсі боласыздар.
Қашан: 10 наурыз, 19:00
Жас шектеуі: 4+
Өтетін орны: Н. Назарбаев 10/2 данғылы (Түркістан сарайы)
Комментарии (0)