Әбдіжаппар Әлқожа 1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Отбасындағы алты баланың кенжесі бала күнінен әнге құмар боп өседі. 6-сыныпта оқып жүргенде туған әпкесі Роза Әлқожа Әбдіжаппарды Алматыда ұйымдастырылған «Әнші болғым келеді» концертіне қатыстырады. Бұл Әбдіжаппардың Республика сарайының сахнасына алғашқы шығу еді.
Әбдіжаппар 9-сыныпты бітірген соң, Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада және цирк колледжінің «эстрада және вокал» бөліміне құжат тапсырмақшы болады. Алайда, бұл мамандыққа оның жасы жетпегендіктен, «актерлік шеберлік» мамандығына түседі.
Қазір ол әйгілі әнші. Тойға әнші ретінде де, асаба ретінде де жиі шақырылады.
Қашан: 14 наурыз, 19:00
Бағасы: 3000-7000 тенге
Өтетін орны: Шымкент қаласы, Астана даңғылы, 14, «Түркістан» концерт залы
Комментарии (0)