Бұл жобада екі комик көрермендердің өмірлік мәселелерін тыңдап өз кеңестерімен бөліседі. Олардың тәсілі классикалық психологиядан алыс болғандықтан өздерін ашық түрде «Арзан психологтар» деп атап, күрделі жағдайлардан шығудың ең күлкілі әрі, ақылға қонымсыз жолдарын ұсынады.
Бұл іс-шара тек көңіл көтеру мақсатында жасалып отыр. Ешкімді ренжіту, қорлау немесе жынына тию мақсатын алдына қойып отырған жоқ. Сахнадан айтылған сөздерді тек әзіл ретінде қабылдауларыңызды сұраймыз. Билет сатып ала отырып, төменде көрсетілген шарттармен толық келісетініңізді растайсыз.
Стенд-ап клуб ережелері:
1. Клуб ішінде темекі немесе кез келген электронды құрылғы шегуге тыйым салынады.
2. Іс-шара барысында шулап, айқайлап сөйлеуге тыйым салынады.
Сахнадағы әзілкештің сөзін бөлмеуге, тек сізбен арнайы сөйлескен жағдайда ғана жауап беруіңізді сұраймыз.
3. Комедиялық қойылымдар кезінде аудио және видео түсірілім жасамауға шақырамыз. Әр іс-шарада түсірілім ережелері толық айтылып, мекеме қызметкерлерімен қатаң қадағаланады.
4. Егер көрермен алкогольді, есірткілік және өзге де мастық күйінде келсе, мекеме қызметкерлері билеті бар көрермендерді де кіргізбеуге хақылы.
Жас шектеуі: 18+
Ішімдік тек 21 жастан асқан адамдарға сатылады
Комментарии (0)