Ұлттық музейде «Отандастар» қоры мен ELSANA-AMANAT қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Уақыт құшағында» атты ауған қазақтарының кілем көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
Көрменің мақсаты – Ауғанстанда қолдан тоқылған қазақ кілемдерінің көрмесін ұйымдастырып, ұлттық құндылықты паш етумен бірге Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы қарым-қатынастың дамуына үлес қосу, қазақстандық кілем тоқушылар қозғалысын дамыту, қазақ кілемі мен кілем тоқымасын насихаттау.
Кезінде Ауғанстанға көшіп барған қазақтар сол елде кілем тоқуды кәсіп көзіне айналдырған. Бүгінгі күні ауғандық қазақ кілемі аса сапалы кілемдердің қатарына жатады және ол бар оңтүстік Азияға белгілі. Осындай керемет қолөнер бұйымдарын өндіріп, қазақ кілемінің атын шығарып жүрген «Nasim Nayman Qazaq Karpet» компаниясының ұлттық мұрамызды сақтауда орны ерекше.
Көрмеге 60-қа жуық кілем қойылған. Экспозицияда ауғандық қазақ кілемдерінің алуан түрі мен композициялық сюжеттері ұсынылады.
Сілтеме бойынша көбірек көрмелер
Комментарии (0)