Астана
Серік Сейітман "Қарашаңырақ"
Серік Сейітман "Қарашаңырақ"

8608u10962_serik-seytmanКөпшілікке қоңыр үні мен орамды ой, салиқалы сөзі арқылы етене таныс Серік Сейітман – Қазақ радиосы тарихында 100-ге жуық ірі Ұлттық радиожобаны өмірге әкелді, 1000-ға тарта радиохабар жасады.

Радиожурналистиканың алдыңғы шептегі жауынгері болып қана қоймай, өлеңсүйер оқырманын да жақсы жырларымен көзайым етіп келеді. «Қырсық қызға қолтаңба», «Қазақтың қаны», «Қарашаңырақ», «Домбыра» атты кітаптары мемлекеттің қолдауымен жарық көрді.

Сондай-ақ, Серік Сейітманның өлеңіне жазылған 70-ке жуық музыкалық шығарма халыққа кең тарап, ел аузында жүр. Олар: Нұрлан Өнербаев «Сенім керек», «МузАРТ» табы «Әдемі», «Жігіттер» квартеті «Кешір, жаным», Бағлан Әбдірайымов «Бағала», Бауыржан Исаев «Өмірге өкпем жоқ», Жұбаныш Жексенұлы «Жігіттер», Ибрагим Ескендір «Оян, қазақ», Ұлту Қабаева «Кешкі әуен», Дәрібаевтар ансамблі «Өміріңе немқұрайлы қарама» т.б. Бұл кеште осы әндермен қоса, жаңа туындылар да көпшілік назарына ұсынылмақ.

Баршаңызды Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Еліміздің ең талантты және патриот жастарына берілетін Республикалық «Жас Тұлпар» сыйлығының лауреаты, ақын Серік Сейітманның "Қарашаңырақ" атты ән-жыр кешіне шақырамыз!

Дата публикации: 26.04.2018
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!
Место на карте
пр. Тауельсыздик, 57

Комментарии (0)

Концерты

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: