29 ақпан күні Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ретро-концерт ұсынады, оған үрлемелі оркестр, эстрадалық және классикалық вокал бөлімдерінің орындаушылары қатысады.
Филармония ұжымдары ХХ ғасырдың ортасынан аяғына дейінгі танымал музыканың ең үздік нұсқаларын жинады. Үрлемелі оркестрге ыңғайланған шығармалар өзгеше болғанымен, қазақстандықтар арасында кеңінен танылған. Концерттік бағдарламаны атақты қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың әндеріне арналған вальс ашады. Бағдарламада Ескендір Хасанғалиевтің “Сағындым сені”, “Анаға сәлем”, сонымен қатар “Көктем вальсі”, “Сұлу қыз”, “16 қыз”, “Тыңда” әндері орындалады.
Концертке қатысушылар:
- ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері: Арайлым Рахым, Светлана Айтбаева, Ұлықпан Жолдасов.
- Халықаралық байқаулардың лауреаты Нұрсәт Алмас, Мұратбек Хайролда ,Әкімхан Мәженов, Парасат Отан, Диана Май, Даурен Төлебаев
- «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Ақбота Құснадин.
- Үрлемелі оркестрдің көркемдік жетекшісі – Никита Почиталин.
- Үрлемелі оркестрдің дирижері – Алексей Терещенко.
- Эстрадалық вокал бөлімінің көркемдік жетекшісі – Арайлым Рахым.
- Классикалық вокал бөлімінің көркемдік жетекшісі – Роза Шотқалиева.
Әр заманның және халықтардың танымал әндері, өткен жылдардағы алтын хиттер ұрпақаралық құндылыққа ие. Олар жастық шақты, жарқын естеліктер мен тәжірибелерге толы тамаша уақытты еске түсіреді. Бұл музыка өмірдің есте қаларлық сәттерін - достармен және жақын адамдармен кездесулерді, мектептегі би кештерін, мектеп бітіру кештерін, үлкен әлемге аттаған алғашқы қадамдарды сүйемелдеген...
Сілтеме бойынша көбірек концерттер
Комментарии (0)