Астана
Qargyn оқырмандар клубының кездесуі
Qargyn оқырмандар клубының кездесуі

31 қазанда сағат 12:00-де ORTA Community-де «QARGYN» оқырмандар клубының кезекті кездесуі өтеді!

Кітапты бірге оқып, ой бөлісіп, жаңа идеялар мен мағыналар ашатын «QARGYN» оқырмандар клубының жаңа кездесуі өтеді.

Бұл жолы сіздерді тағы да қызықты әңгіме, түрлі көзқарас және кітапқа деген ортақ қызығушылық біріктіреді. Әр спикер өзі үшін ерекше әсер қалдырған кітаппен бөлісіп, оның негізгі ойлары мен өзіне берген мағынасын әңгімелейді.

3 спикер – 3 ерекше көзқарас

Кездесу барысында спикерлер өз тәжірибелерімен, оқырмандық әсерлерімен және ой салған кітаптарымен бөліседі:

  • Хасенова Алтынгүл Төлегенқызы — Білім беру бағдарламалары орталығының маманы.

  • Иманкулова Кәмшат — мұнай инженері. Талқыланатын кітап: Тара Вестовердің «Ученица» атты туындысы.

  • Аманиязова Айбарша — көптілді білім беру магистрі.

Бұл кездесудің ерекше қонағы — Дана Нұржігіт! Оның қатысуы кездесуге жаңа серпін беріп, тың ойлар мен мазмұнды әңгімелерге жол ашады деп сенеміз.

Жанды талқылау және шабытқа толы атмосфера
Кітаптар арқылы жаңа идеялармен танысып, өз ойыңызды ортаға салып, өзгелердің көзқарасын тыңдауға мүмкіндік аласыз.
Ашық пікір алмасу, қызықты сұрақтар, терең талдау және шынайы әңгімелер — мұның барлығы жайлы әрі еркін атмосферада өтеді.
Кейде бір кітап адамға жаңа бағыт көрсетсе, кейде бір әңгіме бұрын байқамаған ойларға жетелейді. «QARGYN» кездесуі — дәл осындай әсерлермен бөлісіп, жаңа мағыналар ашуға арналған орта.

Кездесу кімдерге арналған:
Кітапты сүйетін, ой бөлісуді қалайтын, жаңа шабыт іздейтін және қолдау мен жайлы атмосфераны бағалайтын барша қауымға арналған. Мұнда әркім өз пікірін айтып, сұрақ қойып, әдебиет арқылы әлемге жаңа қырынан қарай алады.

Дата публикации: 14.05.2025
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!

Комментарии (0)

Развлечения

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: