Отмена
«Қос кемеңгер»
«Қос кемеңгер»

Еліміздің мерейтойлық даталары қатарындағы ең маңызды да айтулы оқиғалардың бірі – қазақ музыкалық өнерінің жарқын тұлғалары – Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің 115 жылдығы. Замандас болған қос композитор бір жылда дүниеге келіп, шығармашылық ауыр жолды бірге өткерген және қазақ композиторлық мектебінің корифейлері атанды.

Ахмет Қуанұлы Жұбанов – композитор, дирижер, музыкатанушы-этнограф, ұстаз, публицист, музыка және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Халық әртісі, өнертану докторы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, қазақ халық музыкасы туралы кітаптар, очерктер мен мақалалардың авторы.

Латиф Абдулхайұлы Хамиди – композитор әрі ұстаз, Қазақ КСР Халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Қос композитор «Абай» операсын 1944 жылы ұлы ақынның 100 жылдығына арнап жазған болатын, содан бері қазақстандық опера театрлары дәстүрлі түрде өздерінің театрлық маусымдарын осынау туындымен ашып келеді. Композиторлар мол музыкалық мұра қалдырды (вокалдық әрі камералық шығармалар және т.б.), олардың шығармалары тұрақты түрде театр, концерттік залдардың сахналарынан шырқалып, қазақстандық орындаушылардың репертуарларынан лайықты орын алған.

Салтанатты мерейтойлық шаралар аясында «Астана Опера» театрының солистері мен әртістері «Абай» операсының қойылымымен (28-29 сәуір) қатар, композиторлардың туындылары, сондай-ақ қазақстандық сазгерлердің шығармалары шырқалатын «Қос кемеңгер» концерттік бағдарламасын ұсынады.

 

Ұзақтығы – 1 сағат 30 минут

 

Дата публикации: 20.04.2021
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!
Место на карте
Казахстан, Нур-Султан (Астана), улица Динмухамеда Кунаева, 1

Комментарии (0)

Концерты

Подтверждение номера телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс