Астана
Ұлы Жеңіс күніне арналған дәстүрлі музыка кеші
Ұлы Жеңіс күніне арналған дәстүрлі музыка кеші

12182u15171_uly-zhes-kunyne-arnalgan1Қазақ елінің төл дәстүрін терең меңгеріп, халық музыкасы арқылы ұлттық құндылықтарды жаңғыртып жүрген «Қазақконцерт» ұйымының «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблі Ұлы Жеңіс күніне арналған мерекелік концертін ұсынады.

Қазақтың күйі күмбірлеп әні қалықтайтын концертте «Астана сазы» ұжымы халқымыздың белгілі ақындары мен композиторларының үздік туындыларын ұлттық аспаптарда орындап, естен кетпес кеш сыйлайды. Концерт бағдарламасында асқар таудай жыр алыбы Ж.Жабаевтың, қазақ даласының бозторғай жыршысы К.Әзірбаевтың, дауылпаз ақын Қ.Аманжоловтың соғыс майданында жауынгерлерді ерлікке, ел қорғауға шақырған өлеңдеріне жазылған әндер бар. Сондай-ақ өнерсүйер қауым ХХ ғасырдың атақты композиторлары Н.Тілендиев, М.Хамзиннің таңдаулы әуендері мен күйлерін тыңдай алады.

Ұлттық нақышқа бай, жігерлі, жалынды, әсем де асқақ туындылар орындалатын концертте ҚР мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Дінисламбек Жайлаубайұлы, Асқар Мұқият, Қамажан Аяулым, Марат Айтымбай, Абылайхан Орманбек өнер көрсетеді.

Купить билет

Дата публикации: 12.04.2019
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!
Место на карте
пр. Мангилик Ел, 10/1

Комментарии (0)

Концерты

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: