Құрметті әнсүйер қауым. 11-шілде күні сүйікті әншілеріңіз Қуандық Рахым Елордамызда ән кешін өткізбек. «Мен қазақпын» атты кешін Астананың 20 жылдық мерейтойына орай арнайы ұйымдастырып отыр. Алматыда есеп беру концертін өз деңгейінде өткізіп, халықты қуантқан Қуандық енді Арқаның төрінде кешін өткізеді. Қуандық Рахым еліміздің барлық өңірінде гастрольдік сапарда жүріп, өз тыңдармандарын таба білген жас әнші. «Мен қазақпын» әні қазақ әскеріне толық тарап, әскери саптық әнге айналған. Аз уақыт аралығында танылып үлгерген жас өнерпазға сәттілік тілеп, әдемі ән кештің куәсі болуға шақырамыз
Комментарии (0)