Астана
Концерт «Сайын дала бұлбұлы»
Концерт «Сайын дала бұлбұлы»

kontsert-sayyn-dala-bulbuly28 сәуір  сағат 17:00-де (Астана қ-сы, Мәңгілік ел даңғылы, 10/1) «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының камералық залында  КСРО халық артисі, қазақ опера өнерінің жарық жұлдызы Роза Жаманованың шығармашылығына арналған «Сайын дала бұлбұлы» атты концерті өтеді.

Р. Жаманова ұлттық операның негізін салушылардың бірі, қазақ опера өнерін әлемнің биігіне көтерген алып тұлға, ұлттық мәдениеттің ең жарық жұлдыздарының бірі. Ол қазақ және орыс композиторлары мен шетелдік классиканың ең таңдаулы туындыларын ел  сахналарында, дүниежүзінің айтулы театрларының төрінде шырқап, қазақ музыкасының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Күміс ырғақты өзіндік дауысы бар әншінің орындауындағы ән, музыка тілінің құпиялығымен халық жүрегінен орын алды. Роза Үмбетқызы  қазақтың ұлттық  операларында басты бейнелердің қайталанбас тұлғасын жасады. Оның тағы бір  елеулі еңбегі –  ұстаздығы. «Сайын дала бұлбұлы» атты кеште сахнада Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері, халықаралық байқаулардың лауреаттары: Кенжеғали Мыржықбай, Жаннат Бақтай,  Гүлнар Хамзина, Жұпар  Ғабдуллина,  

Ғалия Байғазинова,    Евгений Чайников,    Бибігүл Жанұзақ,   Мадина Исламова сынды өнер саңлақтары ән шырқайды.
Бұл іс-шара қазақтың маңдай алды, шоқтығы биік  опера әншісінің  шығармашылығына арналған мерейлі мерекелердің бірі болмақ.

«Қазақконцерт»  МКҰ, ұйымдастыруымен өтетін шара «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына орай  Астана қаласының 20 жылдығына арналады.

Купить билет

Дата публикации: 16.04.2018
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!
Место на карте
пр. Мангилик Ел, 10/1

Комментарии (0)

Концерты

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: