Астана
Концерт «Сол бір кез»
Концерт «Сол бір кез»

Ұмытылмас кездерден сыр шертетін ескірмейтін есті әндер қашанда тыңдарман көңілін тербететіні ақиқат. Сағымға айналған сонау жылдарды еске салатын әуендер жүректерден жоғалмайды. Адам жастық шағын аңсайды, кейде өткен күндерге қайта оралуын армандайды. Ондай шақта, ерке кездерден естелік болған әндерді тыңдап, ойша жастық дәуренге сапар шегеді.

Кеш аясында «Гүл Алматы», «Анаға сәлем», «Маралдым», «Шақырады көктем» сынды баяғының баянды әндерімен қатар, «Тақиялы періште», «Служебный роман», «Кавказская пленница», «Махаббат бекеті» сынды т. б сүйікті фильмдердің әндері орындалады. Кешке, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Майра Ілиясова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Естай Мұқашев, Светлана Айтбаева, Ұлықпан Жолдасов, Азамат Жылтыркөзов, Мәдениет саласының үздігі Нұрай Танабаев, «Дарын» Мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаттары Нұрбол Балапанов, Ақбота Құснадин және басқа да өнерпаздар, «ALEM» заманауи би балеті қатысады.

Кеш қонақтары әйгілі «Дос-Мұқасан» фильмінде басты рөлдердің бірін ойнаған Мейірғат Амангелдин, Елдос Шәйкенов. «Сарыарқа» халық музыка ансамблі көркемдік жетекшісі — Мәдениет саласының үздігі Тоғжан Жахин.


Сілтеме бойынша көбірек концерттер

Дата публикации: 04.04.2022
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!
Место на карте
улица Кенесары, 32

Комментарии (0)

Концерты

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: