«Жыр арқауы – Астана» халықаралық ақындар айтысы ұлттық дәстүрді сақтай отырып, әдеби-музыкалық ток-шоу форматында өткізіледі. Айтысты айтысқа бейімі бар, елге танымал екі жүргізуші жүргізеді. Айтыс арасындағы музыкалық сүйемелдеу, айтысқа түсетін жұпты екпінді әуенмен көтермелеу фольклорлық топтың орындауында атқарылады. Сонымен қатар айтыскер ақындарды сахнаға қошеметпен алып шығу, оларға марапат жасау рәсімдеріне де көңіл бөлінеді.
Қазылар алқасы әдебиет пен өнердің көпшілікке танымал, беделді қайраткерлерінен жасақталады. Бағалау әр кезеңге сандық жүйе бойынша беріліп, екі кезеңнің ұпай саны бойынша қортынды балы шығады. Сахнадағы экранда әр қазының қойған бағасы көрсетіліп отырады. Басқаша айтқанда, электрондық дауыс беру жүйесі қолданылады. Басты критерийге ақындардың суырып салма тапқырлығы, ұшқырлығы, тақырыпты ашуы, жауаптасуы, айтысу мәдениеті, мақам әуезділігі алынады. Айтыс үстінде көремендер арасында айтыс және Астана тарихы бойынша сауалнама-ойындар жүргізіліп, жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар тарту етіледі.
Комментарии (0)