Астана
Чарлейдің әпкесі
Чарлейдің әпкесі

6552019 жылдың 18-19 наурыз күндері сағат 19:00-де Астана қаласының комедия театрында Б.Томастың «Чарлейдің әпкесі» музыкалық комедиясының премьерасы өтеді.

 «Чарлейдің әпкесі»

\музыкалық комедия\

Пьеса авторы – Брэндон Томас. Композиторы - Оскар Фельцман. Аударғандар - И.Оразбаев, Т.Нұрмағанбетов, Т.Тоқбергенов. Қоюшы режиссері - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сайлау Қамиев. Қоюшы суретшісі – Айнұр Есболатова. Хормейстер - Дилара Қарекенова. Балетмейстер – Анель Мырзагулова. Дыбыс режиссері -  Ернұр Балапанов.                  Музыкасын өңдеуші - Нұрсұлтан Төрәли

Кейіпкерлер  мен  орындаушылар:

БРАССЕТ – Нұржан Асылхан, Әли Бидахметов, БАБС – Шыныбек Рахмашев, Әли Жарасұлы, ДЖЕК – Бейбарс Асқарбеков, ЧАРЛЕЙ - Әмірхан Оразбақ, ЭННИ – Аида Жанзакова, КИТТИ  – Альбина Валиева, ФРЕНСИС-Бағлан Иманғазинов, Әділхан Үбайдоллаев, СПЕТЛАЙГ –                                                  Нұржігіт Муслимов, ЛЮЦИЯ - Гүлмира Жакилина, Оралгүл Бауыржан, ЭЛЛА – Айдана Курашева, көпшілік сахнада - Айша Ағымбай, Еңілік Айымғазы, Гаухар Жеңісова, Айнұр Жұмабаева.

Брэндон Томастың «Чарлейдің әпкесі» комедиясы әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпаған. Әйел бейнесін ер адамның кейіптеуі әрқашан да күлкі тудырып, күтпеген тосын жағдайларға алып келеді.

Шым-шытырық оқиғаларға толы музыкалық комедияның басты кейіпкерлері – Джек және Чарлей есімді студенттер. Жігіттер жас, албырт, сондықтан да оларға байлықтан гөрі шынайы сезім қымбаттырақ. Сүйгендеріне қол жеткізу үшін олар ештеңеден тайынбайды. Алайда, өтіріктің көмегімен жеткен бақыт қаншалықты бағалы болмақ?! Чарлей қандай шешім қабылдайды деп ойлайсыз?

Риясыз көңіл мен қызғаныш, шындық пен жалған, адалдық пен арамдық арпалысқа түскен спектакльде шынайы махаббат әспеттеліп, әділеттілік салтанат құрады.

Дата публикации: 12.03.2019
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!
Место на карте
пр. Мангилик Ел, B2.3​

Комментарии (0)

Театр

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: