Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының солисті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ерекше дауыс иесі Бибігүл Жанұзақ қараша айының 23 күні көптен күткен «Астанама ақ тілек» атты жеке шығармашылық кешін өткізеді.
Бибігүл Жанұзақ 2007 жылы Қазақ ұлттық музыка академиясының «Опералық ән айту» мамандығы бойынша Р. Тіленшиеваның шеберханасын тәмамдаған. 2010 жылы Италияның Йези қаласында кәсіби тағылымдамадан өтіп, әйгілі Ла Скала театрында біліктілігін арттырған. Бүгінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ әлемдік аренада өзінің зор дауысымен танылып, Қазақ елінің мәртебесін көтеріп келеді.
«Астанама ақ тілек» кешінде кеш иесі «Еркем-ай», «Дайдидау» халық әндерін, Н. Тілендиевтің «Қыз-Жібек» операсынан «Гәкку» туындысын, Евгений Брусиловский, Петр Чайковскийдің класикалық шығармаларын шырқайды, сондай-ақ, Бейімбет Таңарықовпен
Іс-шараның ұзақтығы: 90 минут.
Комментарии (0)