Астана
Бала тілегі
Бала тілегі

Балалар күніне арналған мерекелік концерт

1-ші маусым «БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ» қарсаңында, сағат 17.00 де «Астана» концерт залында «Бала тілегі» атты таңғажайып көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын концерт өтеді.

Бұл концерттің бір ерекшелігі кішкентай дарынды өнерпаздарымыз Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бағдат Сәмединова, Қазақстанның  еңбек сіңірген қайраткері Гүлзира Бөкейхан, Мәдениет қайраткері Естай Мұқашев, Мәдениет саласының үздіктері Нұрғали Тұрлыбеков, Арайлым Рахымқызы, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаты Диана Май, «Қазақстан дауысы – 2015» тележобасының жеңімпазы Мұратбек Хайролда  сынды жұлдыздармен бірге өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, талай додаларда топ жарып жүрген «Әлем» эстрада би ансамблі, «Наурыз» би ансамблі, Астана оркестрі, Оқушылар сарайының оркестрі, «Лаура Абат» өнер орталығы сияқты өнер ұжымдарымен бірге Асқар Мұхамедұлы, Әмина Қасымова, Аллажар Алмасбек, Інжу Қалмақан, Аружан Әселбек, Айару Елжанқызы, Айдана Елжанқызы, Ерсұлтан Ерсайын, жетігенші Альазиза Ғалымжан секілді т.б болашағы зор өнерпаздар қатысады.

Бүгінгі бүлдіршін - ертеңгі ел абыройын асқақтатын тұлға екені баршамызға мәлім. Аталмыш концерттің негізгі мақсаты да сол – балалардың өнерін шыңдау, оларға жол көрсету, қамқорлығымызға алу. Үлкен сахнаға алып шығу. Расында да өнерлі ұрпақ – өрге жүзеді. Сондықтан, «Балаларды қорғау күні» қарсаңында өтетін бұл кештің маңызы зор деп білеміз.

Дата публикации: 30.05.2019
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!
Место на карте
ул. Кенесары, 32

Комментарии (0)

Другие развлечения для семейного отдыха

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: