«Жүрген жүріс, Қарагөз, күлген күлкің,
Жанған жүрек қасында болсаң,шіркін!
Сені ойласам, Қарагөз, ас батпайды,
Түнде ұйқым келмейді, күндіз - күлкім»
Қазақ классикасында ерекше орын алатын ұлы жазушы М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясы сан ғасырлық тағдырды сипаттайды. Әділетсіздік пен заман ауыртпалығына, қайғы-қасіретке төтеп бере алмаған жас қыздың трагедиясы баяндалады. Нәзік те иірімге толы қыз жанының басына түскен қайғысына дайын еместігі оны ғашықтықтын дертіне ұшыратады. Қуаныш пен ренішті, ішкі жан дүниені қозғайтын «Қарагөз» спектаклі КСРО Халық әртісі, Қаз КСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Халық Қаһарманы, режиссер Әзірбайжан Мәдиұлы Мәмбетовтің құрметіне арналады.
13-14 шілде күндері 18:00 қойылымның премьерасы өтеді
Авторы: Мұхтар Әуезов
Қоюшы режиссер:
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлсина Мирғалиева
Қоюшы суретші: Қанат Мақсұтов
Киім суретшісі: Мадина Қосмағанбетова
Жанр: трагедия 16+
Ұзақтығы: 1сағ 45мин
Комментарии (0)