«Жекпе-жек» (Дуэль) – бірнеше тілге аударылып, Қазақстан, Болгария, Венгрия, Германия, Польша, Швеция, Австрия, Румыния сынды көптеген елдерде сахналанған танымал пьеса. Шығармада әр заманның өкілдері, олардың ішкі дүниесі мен көзқарастарының тартысы арқылы, қазіргі ұрпақтың рухани құндылықтарға деген қатынасы көрсетіледі.
М. Байжиевтің «Жекпе-жек» пьесасы бүгінгі қоғамның рухани құндылықтарын іздеуге және ұрпақтар арасындағы рухани байланысты сақтауға шақырады. Өткен мен бүгіннің арасындағы шынайы бейнелер арқылы спектакль көрермендерді ойға жетелеп, адамгершілікке шақырады.
Рухани құндылықтар жайлы терең ой салатын спектакльді көріп, өзіңізді жаңадан тануға мүмкіндік алыңыз!
Комментарии (0)