Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Әсем Әлем» өнер Академиясы аясында «Әлем музейлері" циклының кезекті «Ватикан музейлері» атты дәрісі өтеді.
Ватикан – әлемдегі ең кішкентай мемлекет. Осыған қарамастан, ол миллиондаған қонақтар мен туристерді өзіне еріксіз тартады. Өйткені, мұнда әлемдік өнердің тек керемет, көркем жауһарлары жасырылған көрме залдары мен галереялары бар «Ватикан музейлері» (Musei Vaticani) орналасқан.
Ең құрметті экспозициялардың жасының өзі 5-ші ғасырдан басталады. Осы уақыт аралығында музей жетекшілері мен қызметкерлері мүсін, кескіндеме, қолжазбалар, тұрмыстық заттар мен діни өнердің керемет коллекциясын жинай алды. Осындай құнды дүниелерді тамаша безендірілген Ватикан сарайларында бағалауға болады.
«Ватикан музейлері» Ватикан мемлекетінің аумағында орналасқан мұражайлар кешені. Олардың коллекцияларын Рим папалары жасаған. Солардың арасында Ренессанс кезеңінің алыптары Микеланджелоның төбелік суреттері бар Сикстин капелласы және Рафаэль безендірген станциялар кіреді.
Дәріскер: Мырзабекова Сандуғаш Көпболсынқызы, «Қазақстанның бейнелеу өнері» бөлімі Графика және мүсін секторының жетекшісі.
Комментарии (0)