
Taspay — қазақ музыка әлемінде өзіндік орны бар ерекше орындаушы. Оның шығармашылығы жылдар бойы тыңдарман жүрегінен орын алған «Сүйгенді сүй», «Oralma qashqyn», «Qaitemyz» сияқты кеңінен танымал хиттер арқылы қалыптасты. Әр әнінің артында терең мағына, шынайы эмоция және Taspay-дың ерекше вокалдық стилі жатыр.
Ұзақ шығармашылық үзілістен кейін сахнаға қайта оралуы — жанкүйерлер үшін үлкен қуаныш. Бұл кеште көрермендер әртістің бұрынғы сүйікті әндерін жаңа аранжировкаларда тыңдап қана қоймай, сонымен қатар оның тың туындыларын алғаш болып тамашалай алады. Taspay өз өнерімен, сахналық энергетикасымен және жанды дауысымен көрерменін әрдайым баурап алады.
Бұл концерт — тек музыкалық кеш емес, сағынышпен күткен өнерпаздың жаңа кезеңінің басталуы. Жанды эмоция, шынайы байланыс және әсерлі музыка сыйлайтын ерекше шараны өткізіп алмаңыздар!
Комментарии (0)