Көрнекті француз жазушы-драматургы Флориан Зеллер шығармасы желісімен қазақ сахнасына лайықталып жазылған пьеса бойынша қойылған «Жан әке» көп қырлы спектакль. Бас кейіпкер - Ақсақал. Өмірдің қызық-қиындығын бірге өткерген аяулы жары Әппақ бақилық. Тағы бір қайғысы - шетелдікке тұрмысқа шығып кеткен кенже қызы. Жасы келіп, күш-қуат азайып, жады тозған әкені өзінше өбектейтін үлкен қызы Айжан ғана. Бірақ, еңбегі, бір есептен, зая, себебі, әкесін «естімейді». Жеке өмірін жайлы еткісі келеді, жігітінің өз есебі бар. Ал, жады тозды демесеңіз, рухы мықты, ақыл-ойы орнында - қыздарының тағдырын, ұлттық ұстындардан ажырай бастаған ұрпақты, қазағының болашағын ойлайтын Ақсақалдың жаны жалғыз, мейірімге шөлдеулі...
Психологиялық тұрғыдан күрделі қойылымда шын өмір мен бас кейіпкер қиялындағының аражігін ажырату оңай емес, интригалар да жеткілікті. Әртүрлі жағдайларда ойналатын диалогтарда қарама-қайшы көзқарастар шиеленісе түседі.
Фото: auezov-theatre.kz
Сілтеме бойынша көбірек қойылымдар.
Комментарии (0)