Спектакль арқауы – бүгінгі күн. Алматының «Арбатында» сурет салып отырған Ғазизге өз құрбылары арасынан даралана көрінген Сағыныштың ұнап қалуында сыр бар. Ол Сағынышты әлдекімге ұқсатады. Ызғарлы Желтоқсан оқиғасы кезінде бастарынан қиындық-қорлықты бірге өткерген аруға ұқсайтындай ма, қалай?! Сағынышты іздеу жолында суретші кешегі «бұйрықты орындаушы» лейтенант, «бұйрықты орындап жүріп» бүгінгі таңда шені өскен Генералдың алдынан бір-ақ шығады... Сырлы да мұңды әуендермен көмкерілген спектакль Ғазиз бен Сағыныштың адами болмыстарынан, мөлдір сезімдерінен сыр шертеді.
Фото: auezov-theatre.kz
Сілтеме бойынша көбірек қойылымдар.
Комментарии (0)