Сахна саңлағы Бикен Римова «бір сырлы, сегіз қырлы» талант иесі. Оның қаламынан туған «Абай-Әйгерім, «Қос мұңлық» атты драмалық шығармалары қазақ театрлары сахнасынан лайықты орын алған.
«Қос мұңлық» спектаклінде қоғамдағы қарттар мәселесі терең сөз болады. Қоғамға, бала-шағаға бойындағы бар күш-қайратын сығып берген қарт кісілер неге өз балаларынан қағажу көреді? Жастар арасында маскүнемдік, нашақорлық індеті асқындап, ата-ана алдындағы перзенттік парыздарын ұмытып, қатыгездікке салынуға не себеп? Қойылымның осынау ащы сұрақтардың жауабын сіздің де іштей іздеп, ойланып-толғанып шығарыңыз күмәнсіз.
Режиссер: «ҚР еңбек сінірген артисі» Мұрат Ахманов.
Фото: @bikenrimova_teatry
Комментарии (0)