«Алатау» дәстүрлі өнер театрының Көркемдік жетекшісі Жұлдызбек Жұманбай сахналаған драмалық туындыда Мұхит Мерәліұлының өмір жолы баяндалады. Мұхит өмір сүрген XIX-XX ғасырларды көз алдыңа айна қатесіз әкеледі. Сондай-ақ оның әншілік өнерінің сан қырлы жаратылысы, табиғаты ашылады. Мұхиттың қоғамның ащы шындығы мен оның бейнесі көрініс табатын, «Келіпті біздің елге мешін, тауық, «Мен» – деген адамзатқа болды қауып», – деп толғанып, адамның сай-сүйегін сырқырататын терең психологиялық тебіреніске құрылған эмоциялық бояуы өте күшті, шынайы «адам кейпін» іздеп жүрген әншінің әндері тыңдаушыны толғандыра отырып, ойландырады. Сол замандағы әділетсіздік, бүгінгі күннің шындығымен астасып жатыр. Айналасындағылардың қайғысы мен мұңына, шаттығы мен қуанышына ортақтасу, тіпті біреудің басындағы бақытсыздығын өз басының бақытсыздығындай көріп, қайғы жеуі Мұхит әндерінің басты ерекшелігі.
Жанр: Музыкалық драма
Актерлар:
Мұхит-Нурболат Исаев, Әсет Есжан
Әжігерей-Айбек Кудайбергенов, Азат Дулатұлы
Қара қаншық-Асылбек Шырайлым, Айгерим Туралиева
Жас шектеуі: 7+
Фото: adyrna.kz
Комментарии (0)