Алматы
Спектакль «Көліктер тартысы»
Спектакль «Көліктер тартысы»

Спектакль идет на казахском языке.

Қазақстанның кез-келген қалаларының бірі. Жаңа жыл қарсаңы. Қыс мезгілі. Адамдар көшеде қарбаласып мерекеге дайындық үстінде. Дастан мен анасы екеуі мектептен үйге қайтып бара жатыр. Дастан-ертегінің басты кейіпкері. Дастан-мектепте оқитын оқушы. Дастанның ең жақсы көретін заты ол-көліктер. Дастан тіпті көліктердің түрін, маркасын жатқа біледі. Мектептен қайтып келе жатып, жаңа автокөліктер сатылатын автосалонды көзі шалып қалады. Анасынан барып көиуін сұрайды. Анасы «кейін көресің, үйге барып жаңа жылға дайындалайық»-деп қарсы болады. Аялдамада тез барып келемін деп Дастан адасып кетеді. Ол автосалондағы көліктерге келіп оларды аралап, қарап жүргенінде, автосалонның есігі жабылып, Дастан қамалып қалады. Кеш бата автосалондағы көліктер роботқа айналады. Әр көлік әр ұлттың өкілі болады. Лада-орыс шалы, нексия-өзбек, тойота-жапон, мерседес- неміс, пижо-француз, киа-кәріс ұлты. Оалр баламен танысады.

Бала қазақ болған соң көліктер радио арқылы ортақ тілге ауысады. Көліктер баланың адасып кеткенін біліп, онымен достасып, оған «ЖОЛ ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІН» түсіндіреді. Ертегінің жағымсыз кейіпкері БМБ автокөлігі болады. Ол бағдаршамды қағып қашады. Көліктер оны ұстап, тәртіп сақшысын шақырады. Тәртіп сақшысы арқылы Дастанның ата анасын тауып оларды жолықтырады.

Мақсаты: Қазіргі техналогия дамыған, интернеттік ақпарат алға кеткен уақытта балаларды таңғалдырып, оларды қызықтыра отырып, оларға «ЖОЛ ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІН» насихаттау. Трансформер роботтар мен Дастанның арасындағы достық қарым-қатынасты көрсете отырып, көрермен балаларды жақсылыққа тәрбиелеу. Ұлттық құндылықты, тіліміздің маңыздылығын және де көп ұлтты мемлекетіміздің тату-тәтті достығын көрсету.

Дата публикации: 22.12.2021
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!
Место на карте
пр. Абылай хана 38

Комментарии (0)

Другие театральные постановки

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: