Спектакль идет на казахском языке.
Мәскеулік драматург О. Жанайдаровтың «Екеуміз» пьесасында оқиға желісі жастар арасындағы желік сезім, стереотиптік көзқарастар, әлеуметтік мәселелер және отбасылық құндылықтар аясында өрбиді. Өмірге деген көзқарастары бір арнада тоғыспайтын жұптар: Азамат пен Лена, Катя мен Саша арқылы жеке адамның өзін-өзі тани білуі, өзгенің жанын, жақынының жанын сезіне алуы, тыңдай-көре білуінің, түсінісу мен жарасымның, кешірімнің қаншалықты маңыздылығын ұғындыратын сәттерге куә етеді.
Пьесаның тақырыбы жастардың ғана емес, адамдардың рухани жағынан үндестік табу мәселесін көтереді. Бірақ, оған қоғамда қалыптасып қалған таптаурын сананың ырық бермеуінен барлығы өз оранған шекпенінде қалады.
Қоюшы-режиссер: Н. Дубс
Қоюшы-суретші: А. Павлова
Жанры: драма
Жас санаты: 12+
Больше театральных событий города по ссылке.
Комментарии (0)