Жас драматург, театрымыз байқауының жеңімпазы М. Қолғанаттың үлкен сахнадағы алғашқы драмасы бүгінгі күн тақырыбына арналған. Заман талабына сәйкес кәсіпкерлікке бет бұрған іскер жігіт Бауыржан тәуекелге бел буып, тұралап қалған алтын кенішін қайта жандандырып, ел игілігіне жұмыс жасатпақ. Бірақ, кеніштен көлеңкелі жолмен пайда тауып отырған бұзақы топ бар, бөлінген инвестициядан өз үлесін алуды көздеген сыбайлас жемқорлар бар – бұған оңайлықпен жол берер емес, тіпті оның жеке басына қауіп төндіреді. Зұлымдық пен ізгіліктің, жалғандық пен ақиқаттың текетіресінде намысшыл да жаңашыл жас ұрпақтың жеңіске қалай жеткенін көркем бейнелейтін қойылым бүгінгі күннің ащы да жасампаз шындықтарын алға тартады.
Автор: Қ. Мұрат
Жанр: Драма
Зал: Большой зал
Возрастная категория: + 7
Комментарии (0)