Қапан Сатыбалдиннің төрт актілі, бес көріністі аңызға құрылған «Аягөз ару» пьесасының кейіпкерлері:
Тәуекел – жас, ержүрек жігіт;
Аягөз – әдемі қыз;
Далабай – оның әкесі, кедей шал;
Тетелес – Аягөздің бауыры, жас бала;
Далбаса – хан;
Сұмпайы – оның уәзірі;
Шатшалекей – қарақшы хан;
Зобалаң – Шатшалекейдің уәзірі;
Топатай – Шатшалекейдің кенже тоқалы;
Ұзынтұра – жасауыл;
Асу – Тетелеспен бірге атқа шапқан бала; халық;
Далбаса ханның жасауылдары;
Шатшалекейдің қарақшылары.
Пьеса орман ішінен отын теріп жүрген Далабай шал мен оның бүлдірген терген кішкене баласы Тетелестің сөйлескен сөзімен басталады. Пьесада алтын-күміс аңсаған ашқарақ көңілдің шындығы да, халықтың қарапайым да адал өкілдерінің тазалықты тұғыр еткен асыл қасиеттері де аса бір көркем шендестірумен ашылған деуге болады.
Сілтеме бойынша көбірек қойылымдар.
Комментарии (0)