Ұлтымыздың мақтаныш етер асыл мұрасы, рухани жәдігерлері ішінде ұмыт болып бара жатқан қазақтың тұрмыс-салтқа бағытталған «Алтыбақан» ұлттық ойыны – қазақ жастарының ертеден келе жатқан кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, айтыс жасап, би билеп, түрлі ойындар ойнап, көңіл көтеріп, ойын-сауық құратын кеші.
Кеште қазақтың дәстүрлі ән өнеріндегі орындаушылық, әуендік, құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты шартты түрде бөлінетін бес мектеп бойынша (Арқа, Жетісу, Батыс, Сыр, Алтай-Тарғыбатай) попури айтылады. Көкбай Жанатайұлының сөзіне жазылған Алаш Ордашылардың гимні де шырқалады.
Кеште театр жігіттері «Сақ-сақ», «Қызыл асық», «Қарақат көз, Қалқаш-ау», «Қарайкөзім», «Он алты қыз» әндерін нақышына келтіре орындап,көрерменге шаттық көңіл күй сыйлайды.
Режиссер: Жұлдызбек Жұманбай
Актерлар: Алатау би ансамбілі, Алатау этно-фольклорлық ансамбілі
Жас шектеуі: 5+
Фото: @visitalmaty
Сілтеме бойынша көбірек қойылымдар.
Комментарии (0)