«Абай - Тоғжан» музыкалық драмасы адамзаттың Абайына айналған ұлы хакімнің жалынды жас кезінде алғаш ел ісіне араласа бастаған кезеңін суреттейді. Мыңмен жалғыз алысқан, соқтықпалы, соқпақсыз жолға түскен Абайдың жастық шағы ел ішіндегі атқамінерлердің арасындағы дау-дамай мен талас-тартыстың қайнаған ортасына түсіп, ерте есейтіп жіберді. Семейдегі оқуын аяқтамай жатып әкесі Құнанбай елге алдырып, халық арасындағы түйінді мәселелерді шешуге араластыра бастайды.
«Абай-Тоғжан» музыкалық драмасында Абай әндері мен дәстүрлі халық әндері қоса өріліп, қойылымның сырлы мазмұнын, дәуір тынысын, Абай Құнанбайұлының қилы тағдырын жеткізеді.
Рольдерді орындаушылар:
Абай – Әсет Есжан
Тоғжан – Жанерке Дүйсенбина
Жас шектеуі: 7+
Сілтеме бойынша көбірек қойылымдар.
Комментарии (0)