Ұлы суреткердің: төрткүл дүниенің бір бұрышындағы әсем табиғат аясында алты ересек жан мен жеті жасар баланың тіршілік кешіп, аңыз бен шындықтың ара-жігін атасы айтып беретін ертегілер арқылы ғажайып ретінде қабылдайтын және әкесінің күндердің күні «Ақ кемемен» келетініне сенетін Бала туралы шығарма бәрімізге етене таныс.
...Күн шықса шексіз көкжиектерге дүрбімен қарап, кеш батса айдын көлге ақ қанат арман-қиялында «ақ кеме» салып, әкені аңсаумен, ана құшағына жарымай, маңайындағы жандардан жылулық көрмей, атасын ғана медет тұтқан кішкене жүректі, ұлы тілекті ұлдың жайы не болмақ?..
Бала көзімен әлемнің қуанышы мен қайғы-мұңына үн қосқан, аңызға бергісіз сахналық шығарма көрерменін бей-жай қалдырмасы анық.
Авторы: Шыңғыс Айтматов.инц жасаған Нұрайна Сәтпаева
Аударған: Ағзия Көлбаева.
Режиссёры: Дина Жұмабай.
Суретшісі: Лилия Хисматуллина
Жанры: траги-әфсана
Жас санаты: +12.
Фото: кадр из фильма «Белый пароход»
Қаланың көбірек қойылымдары сілтеме бойынша
Комментарии (0)