Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде ақын Көдек Байшығанұлының туғанына 135 жыл толуына орай «Шыңға шыққан - шынар ағаш» атты еске алу кеші өтеді.
Аса талантты төкпе ақын К.Байшығанұлы шығармалары өз заманында үлкен ықпал тудырды. Оның мұралары – ұлтымыздың бағалы қазынасы. Көдек Бaйшығaнұлы заманның ағымы, саясат зардабынан өмірі мен шығармашылығы әлі күнге зерттелмей келе жатқан қазақ әдебиетіндегі өзіндік орны бар, дара тұлға. Көдек көптеген өлең толғaулaрындa жиырмaсыншы ғaсырдың бaс кезіндегі қоғaмдық әлеуметтік мәселелерді кеңінен толғaйды. Aқынның өлең-толғaулaры зaмaн зaрымен, хaлық мүддесімен тығыз бaйлaнысты.
«Шыңға шыққан - шынар ағаш» атты еске алу кешінің құрметті қонақтары Көдек шығармашылығын зерттеушілер: Нұрлан Әбдібек – ақын, журналист; Нұрлан Сәрсенбаев – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі; Сержан Шоғанбек; Дәулетбек Байтұрсын – ақын, Қазақстан жазушылар
одағының мүшесі, ақпарат саласының үздігі, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы; Оразов Рашид Ешенұлы – тарихшы, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері; Еркін Стамшалов – тарихшы, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының phd – докторанты; Бәбіжан Бағлан Жолдасқызы – Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваториясы, фольклорлық ғылыми-зерттеу лабораториясының меңгерушісі, «Халық әні» кафедрасының аға оқытушысы,
әнші сазгер, музыка зерттеушісі. Сонымен қатар кеште әнші Тілеулес Құрманғалиев, жыршы Әбдіберік
Әділбеков өнер көрсетеді.
Комментарии (0)