Әбілхан Қастеев атындағы өнер музейінде «Әсем Әлем» өнер академиясы аясында «Өлі табиғат сұлулығы» атты дәрісі өтеді.
Дәрісте бейнелеу өнерінің жанрларының бірі туралы айтатын болады: ол өмірде аса мән бере қоймайтын, адамның айналасындағы әдеттегі заттардың бейнелеу әлеміне арналады. Классикалық жанрлардың ішіндегі ең кенжесі саналған натюрморттың тарихы XVII ғасырдағы голланд және фламанд шеберлерінің, Пол Сезаннаның, Ресей және Қазақстан суретшілерінің көркем туындыларының мысалында баяндалатын болады.
Дәріскер – музейдің «Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімінің ғылыми қызметкері, өнертанушы Самал Мамытова.
Комментарии (0)