Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Әсем Әлем» өнер академиясы аясында «Бейнелеудің қыр-сыры.Кескіндеме құпиясы» атты дәрісі өтеді.
Лекция тақырыбы көбінесе өнерге қызығушыларға, балаларға, студенттерге арналған. Сондықтан, жалпы таныстыру процессі арқылы оқылады: бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары, толығырақ кескіндемені қарастыруда оның негізгі қасиеттеріне кеңінен тоқталады.
Соның ішінде монументалды кескіндеме техникалары: витраж, мозайканы; қондырғылы кескіндеме техникаларынан – темпера, пастель, коллаж, декупаж, майлы бояумен жазу әдістерін, және көркем суреттеу құралдары – перспектива, жарық, композицияны; көркем образдарды жасау ерекшеліктерін, ең негізгі түстер қасиетін; сондай ақ, тарихи, портрет, пейзаж, натюрморт, тұрмыстық, және анималистік жанрларына тереңнен тоқталады.
Жоғарыда ерекшеліктерді қарастыруда көптеген суретшілердің есімдерімен, сіңірген еңбектерімен, үлкен өнер тарихындағы жолымен, болашаққа қалдырған ізімен таныстырады.
Дәріскер: Мырзабекова Сандуғаш
Комментарии (0)