«Тағдыр солай» — жүрек тереңіндегі сезімдерді өрнектейтін мұңды әрі мағыналы, сырлы да көңілді әндер кеші. Бұл кеште тұнық сөздер әсем әуенге айналып, өлең боп өріледі.
Таңғы блюз, Туған үй, Кінәлама, Жақсы көремін... Әр нотада жасырынған нәзік діріл мен тыңдаушыны баурап алатын сиқырлы сезімдерді сезінуге мүмкіндік береді.
Композитор Ербол Нариманұлының жеке шығармашылық кеші Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры артистерінің қатысуымен өтеді.
Комментарии (0)