
8 наурызда JANart театры сіздерді сырлы да сезімге толы поэтикалық кешке шақырады.
«Кездесейік тағы бір» — кеш ой мен жүрек үндесетін, әр сөз жанға жететін рухани кездесу. Бұл кеште поэзия тек оқылып қана қоймай, көрерменмен бірге тыныстайды.
Бағдарлама аясында әсерлі жырлармен қатар жанды дауыста орындалатын талғампаз әндер шырқалып, кештің көркем атмосферасын толықтыра түседі. Әдебиет пен әуен тоғысқан бұл сәт сізге ерекше көңіл күй мен шабыт сыйлайды.
Рухани кештің куәсі болуға асығыңыз!
Жас шектеуі: 14+
Комментарии (0)