Алматы
Домбыра жасаушы шеберлер арасындағы «Пернесінде сөйлейді ұлы дала» байқауы
Домбыра жасаушы шеберлер арасындағы «Пернесінде сөйлейді ұлы дала» байқауы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі қорын тарихи тұлғалар домбыралары көшірмелерімен толықтыру және Құрманғазы Сағырбайұлының мәдени мұрасын насихаттау мақсатында домбыра жасаушы шеберлер арасында ұйымдастырылған «Пернесінде сөйлейді ұлы дала» республикалық байқауының қорытынды кезеңі өтеді.

Байқауға ұлттық саз аспаптарын жасайтын қолөнер шеберлері арасында ұйымдастырылған халықаралық және республикалық байқаулардың жүлдегерлері қатысты.

Байқау мақсаты - музей қорын тарихи тұлғалар Құрманғазы Сағырбайұлы, Абай Құнанбайұлы, Жамбыл Жабаев, Махамбет Өтемісұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Біржан сал Қожағұлұлы, Дина Нұрпейісова, Қазанғап Тілепбергенұлы, Сүгір Әлиұлы, Есбай Балұстаұлы, Кенен Әзірбаев домбыраларымен толықтыру, домбыра жасаушы қолөнер шеберлерін насихаттау. Сонымен бірге, ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраларының репрезентативті тізіміне енгізілген домбыра мен тау ешкісінің ағаш мүсіншесін пайдаланатын «Ортеке» ерекше аспабын көрермен назарына музейдің «Қазақ этнографиясы» залына орналастыру.

Шараға «Пернесінде сөйлейді ұлы дала» республикалық байқауына қатысқан домбыра жасаушы шеберлер қатысады және ҚР еңбек сіңірген әртістері Айгүл Үлкенбаева, Рамазан Стамғазиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Шәміл Әбілтаев, Әбділхамит Райымбергенов, Еркін Шүкіман, мәдениет саласының үздіктері Динара Нұрбаева, Саян Ақмолда, Абай Қойшыбаев, Мақпал Тоқтаған, Тілеулес Құрманғалиев және Диас Мұратхандардың қатысуымен концерт өткізіледі. Сондай-ақ, шара барысында  Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы өнер көрсетеді.


Фото: kaz.zakon.kz

Дата публикации: 20.04.2023
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!
Место на карте
мкр. Самал-1, д. 44

Комментарии (0)

Здесь для вас собраны анонсы лучших концертов города Алматы.

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: