Республика сарайында ҚР «Серпер жастар» одағы сыйлығының иегері, әзілкеш, сатирик Бауыржан Орданың «Қырық бестің қалжыңы» атты әзіл мен ән кеші өтеді.
Бұл кеште ойналатын миниатюра мен қысқаша көріністер қоғамда кездесетін түрлі келеңсіз және өте күлкілі жәйттарға толы болмақ. Қойылымдар мен түрлі әзіл әндер, көрерменге астарлап жеткізіледі және күлдіре отырып жылатады, ой салады.
Кештің басты мақсаты – көрермен қауымға шынайы қазақы қалжыңды ұсына отырып, астарлы әзіл арқылы ұлттық құндылығымыздың маңызды екенін насихаттау, ана тілін ұлықтау, кенже дамып келе жатқан сатира өнерінің өсуіне үлес қосу.
Кеш ерекшелігі: Кәсіби актерлардың қатысуы, танымал эстрада жұлдыздарының қатысуы, грим, костюм және кеш иесінің авторлық туындыларының орындалуы.
Обложка: pexels.com, Tima Miroshnichenko
Комментарии (0)