Алматы
«Қазақ халқының киіз басу өнері» дәрісі
«Қазақ халқының киіз басу өнері» дәрісі

«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесі аясында, 14-23 Наурыз аралығында Наурызнама онкүндік іс-шаралары өтеді.

Сіздерді 2024 жылдың 16 наурыз - «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне орай, сағат 14:00-де Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер мүзейінде өтетін «Қазақ халқының киіз басу өнері» тақырыбындағы дәрісіне шақырамыз.

Ұсынылған дәрісте киіз басу өнерінің қалыптасу кезеңінен бастап, бүгінгі күнде жалғасып келе жатқан дәстүрлі әдіс-тәсілдері, түрлері және олардың атауларының маңыздылығы айтылады.
Сондай-ақ, Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі қорындағы құнды жәдігерлерінің бірі - күйіз бұйымдарының ерекше нұсқаларымен таныстырады.
Аталмыш дәріс барысында, киіз басудың дәстүрлі әдістерінің негізін сақтай отырып, заманауи киіз басу ерекшелігі бойынша шеберлік сағат көрсетіледі.

Дәріскер және шебер – Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің «Педагогика және экскурсия» бөлімінің жетекшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, өнертанушы, Жуваниязова Гүлнар Қуандыққызы.

Әсем Әлем өнер академиясы аясындағы «Гуггенхайм музейі» атты Мамытова Самалдың дәрісі белгілі бір себептерге байланысты кейінге шегерілді.


Сілтеме бойынша көбірек дәрістер

Дата публикации: 14.03.2024
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!
Место на карте
мкр. Коктем–3, 22/1

Комментарии (0)

Другие обучающие курсы

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: