Алматы
«Апалы-сіңлілі үшеу» спектаклі
«Апалы-сіңлілі үшеу» спектаклі

 «Апалы-сіңлілі үшеу» деп аталатын драма өзге әйелдер секілді мағыналы да, мәнді ғұмыр кешуді армандайтын арулар тағдырын арқау еткен. Өздерін қоршаған адамзат баласынан тек жақсылық күтетін нәзік жандылар болашақтан бақыт тосады. Аңсаған арман мен күткен көркем өмірге жете алды ма екен? Қойылымның алғашқы көрермені болу арқылы, бұл сауалға жауап таба аласыз.

Адам бақытты өзінің ішкі жан дүниесінен іздеуі абзал. Жаңа қойылымның бүгінгі күнмен үндестігі де осыда: апалы-сіңлілер секілді көп адам аласапыран өмірде қалай бақытты болатынын білмей жүр. Ғасырлар бойы адамзат баласымен етене жалғасып келе жатқан түрлі: рухани тоқырау, таным қайшылықтары, өзге де кереғар мәселелер спектакльде жалпы қоғам бейнесін сипаттай түседі. Өмір мәнін зерделеу, қоғам құндылықтары мен адами мұраттар қойылым бойынан көрініс табады. Спектакльде әр көрермен өзін көріп, көкейіндегі мазалайтын сұрақтарға жауап табады деген үміттеміз.

Дата публикации: 25.06.2024
Я пойду!
Отметьтесь и расскажите об этом событии друзьям,
чтобы они смогли к вам присоединиться!
Место на карте
пр. Абылай хана 38

Комментарии (0)

Спектакли в ТЮЗ им. Мусрепова

Введите номер телефона
Ваш номер используется исключительно для того, чтобы наши партнеры смогли связаться с вами и не передается третьим лицам
Введите код из смс
Введите имя и фамилию

Выберите город

Возврат

ID Билета: