Қанат Ибрагимов – қазақ эстрадасында танымал есім. Музыкант, әнші, өңдеуші, қазақ музыка өнерінің белді өкілдерінің бірі ретінде мойындалған композитор. Ол бірнеше буынды әнімен тербеп келеді.
Ең бақытты ән – уақыт өткен сайын жаңарып,жаңғырып отырады десек, Қанаттың бір ғана «Сенің көзің» әні шыққан күннен бүгінге дейін тыңдарманын жалықтырып көрген жоқ. «МұзАрт» тобының тұсаукесері болған бұл ән туралы аңыз да аз айтылмайды. Композитордың «Аңсағаным», «Жалғыз аққу» сияқты т.б. әндері де дәл қазіргідей қазақ эстрадасы дамымай тұрған уақытта халықтың аузында жүрген, құлағына сіңген әндер. Оның қол таңбасы сан қырлы. Халықтық нақыштағы әндерін бөлек алып қарастыруға болды. Ал эстрада жанырындағы әндерінің табиғаты әр алуан.
Сілтеме бойынша көбірек концерттер
Комментарии (0)