Рухани жәдігерлер ішінде ұмыт болып бара жатқан қазақтың «Алтыбақан» ұлттық ойыны қазақ жастарының ертеден келе жатқан кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, айтыс жасап, би билеп, түрлі ойындар ойнап, көңіл көтеріп, ойын-сауық құратын кеші. «Алатау» театры ескіні еске түсіріп, падиша дәстүрлі ән өнерімізді, ұлттық ойынымызды халық санасында жаңғыртып, ұлы дала рухын жеткізу мақсатында «Алтыбақан» ойын сауық ән кешіне шақырады.
Кеште қазақтың дәстүрлі ән өнеріндегі орындаушылық, әуендік, құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты шартты түрде бөлінетін бес мектеп бойынша (Арқа, Жетісу, Батыс, Сыр, Алтай-Тарбағатай) попури айтылады. Көкбай Жанатайұлының сөзіне жазылған Алаш Ордашылардың гимні де шырқалады.
Кеште театр жігіттері "Сақ-сақ", "Қызыл асық", "Қарақат көз, Қалқаш-ау", "Қарайкөзім", "Он алты қыз" әндерін нақышына келтіре орындап, көрерменге шаттық көңіл күй сыйлайды.
Сілтеме бойынша көбірек қойылымдар
Комментарии (0)