
«Алматы – махаббатым» концерт-спектаклі — арман қуып, әсем қала Алматыға келген студент жастардың бастан кешкен қызықты оқиғалары мен үлкен қала табыстырған махаббаттары жайлы сыр шертеді. Қойылым ән мен поэзияға құрылып, ару қала Алматының ғажайыпқа толы сұлулығын бейнелейді.
Алғашында қала күніне арнайы дайындалған бұл концерт-спектакль көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, кейін театр репертуарына тұрақты түрде енгізілді.
Комментарии (0)